Главная \ Социальные партнерства

Әлеуметтік серіктестік

Жаңаөзен политехникалық колледжі базасында 2012-2013 оқу жылынан бастап аталған құжаттар негізінде қос бағытты білім беру жүйесін оқыту үрдісіне енгізуге байланысты экспериментті жұмыстарды жүргізу қолға  алынды.

 

_MGL2442


2016-2017 оқу жылында 0506000 Шаштараз өнері және сәндік косметика, 2017-2018 оқу жылында 1211000-«Тігін өндірісі ж»не киімдерді үлгілеу»,  0501000- «Әлеуметтік жұмыс»   мамандықтары бойынша дуальдық оқытудың эксперименттік жобасы  жалғастырылды. Оқу жылының басында аталған мамандықтарға арналған жоспарлар жасақталып жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурызыныі №139 бұйрығына және Республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің 31.03.2017 ж №1 және 16.06.06.2017 ж №2 хаттамасымен бекітілген «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын енгізу барысында 130 мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын модульдік құзіреттілік негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытылатын орта буын мамандықтарына эксперимент режимінде енгізу мақсатында 2017-2018 оқу жылынан бастап 0508000- «Тамақтандыруды ұйымдастыру» модульдік оқыту жүйесі эксперимент режимінде енгізілді.

Жоспарда көрсетілгендей әлеуметтік серіктестіктері «Мадина» салоны, «Аян» салоны, «Талғам», салондарымен, «Атамекен кәсіпкерлер» палатасымен  үш жақты келісім шарттар жасақталды.  

Студенттердің ғылыми-тәжірибелік жұмыстарға, пәндік олимпиадаларға, бағдарлы конференцияларға, конкурстарға қатысуы:

Қазан айында осы мамандық бойынша білім алатын студенттерге арналған қалалық «Үздік автомеханик» сайысы өткізілді. Сайысқа қаламызда орналасқа Жаңаөзен қызмет көрсету колледжінің студенттері белсенді қатысты.

2017 оқу жылында жұмысшы  мамандықтарына арналған өңірлік WorldSkillsAktau

Чемпионаты Жаңаөзен политехникалық колледж базасында өткізілді. Бұл чемпионатқа «Шаштараз өнері және сәндік» косметика мамандығында оқитын 5 студент қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша І жүлделі орынға Андирова Салима ие болды.   Сәуір Салима  айында Астана қаласында өтетін чемпионатқа жолдама алып қатысып келді.

Оқу үрдісін дуалдық әдіспен ұйымдастыру жүргізу кезіндегі жинақталған тәжірибемізді саралай келе, жүйені енгізудегі басым және әлсіз жақтар, олардан туындайтын қатерлер, қатерлерді жою жолдарын айқындадық: Дуалдық жүйені кеңінен енгізуде шешім күтім тұрған мәселелер баршылық. Оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында нақты қадамдардан гөрі ұраншылдық басым ба деп ойлаймын. Екі тарапқа да ортақ нақты нормативтік құжаттар қабылданса. Бастысы –жұмысберушілердің кадрлар даярлауға белсене ат салысуына жағдай туғызу қажет. Сондықтан, оларды ынталандыратын тетіктердің, міндеттейтін құжаттардың тез және батыл қабылдануы қажет. Дуалды жүйеге тартылған кәсіпорындардың міндеттерін, оларды оқу орнымен әріптестікке ұмтылдыратын ережелерді Үкімет деңгейінде қабылдау қажет «кадр даярлаудағы жұмыс беруші кәсіпорындардың құқылары мен міндеттері: оларды ынталандыратын тендрлік, салықтық жеңілдіктер, тәлімгерлерді материалдық тұрғыда ынталандыру

Әлеуметтік серіктестіктер

Онлайн подписка

Сұраным қалдырыңыз, біз қайта қоңырау шалып, кеңес береміз:

Отзывы клиентов

Мы ценим каждый отзыв наших клиентов

Жаңаөзен политехникалық колледжі Маңғыстау облысындағы алдыңғы қатардағы колледждердің бірі. Осы колледжге оқуға түскеніме қуанамын, мақтанамын.
Гость
Жаңаөзен политехникалық колледж студенттері салем. Осы колледж түлегімін. Алтыбаева Гулдана.
Гость
Наш адрес:
г. Жанаозен, село Рахат, мкр Ақсу, ул. Басығара Тұрниязұлы здание 76,76А
Адрес:
г. Жанаозен, село Рахат, мкр Ақсу, ул. Басығара Тұрниязұлы здание 76,76А